«Теміртау қаласының орталық ауруханасы» КМК Қазақстан Республикасы Кодексінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 58-бабына сәйкес, медициналық ұйымда ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ құрылды.

Емделушілерді қолдау қызметінің мақсат – емделушінің уақытында, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қажетті көлемде алу құқығын қамтамасыз ету.

Емделушілер шағымдарының «осында және қазір» принципі бойынша жедел шешілуін қамтамасыз ету және сапалы медициналық қызмет көрсету.

Медициналық көмек көрсету тәртібіне және сапасына байланысты басқа күрделі мәселелерге тап болсаңыз, Сіздің ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқығыңыз бар. Әкімшілік бөлігі 1 қабат, сағат 08.00-ден — 16.30-ға дейін қабылдау жүргізеді..

call center

Байланыс телефоны:           8-708-430-07-87

Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау бөлімінің бастығы - Чернышенко Ирина Анатольевна.

Азаматтардың ауызша және жазбаша шағымдарын сенім телефоны арқылы қабылданады – 8-708-430-07-87  телефон арқылы ұсыныстар мен шағымдар журналға тіркеліп. Азаматтардың ауызша өтініштері, өтініш берушінің қалауы бойынша жауабын ауызша немесе жазбаша түрде беруге болады.

Сонымен қатар әрбір бөлімінде "шағымдар мен ұсыныстар" жәшігі арқылы жазбаша өтініш қалдыруға болады.

Емделушілердің өтініштерін қабылдау ережесі.

Жазбаша өтінішті рәсімдеу кезінде:

    • тармақта өзінің тегі, аты, әкесінің аты, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны, күні және жеке қолы;

    • Нақты сұрағын қою, мәселелерін және ұсыныстарын айту қажет.

    • «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңының 8 бабы сәйкес кейіннен хабардар ете отырып өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде қаралады және шешім нәтижелері туралы айтылады. .

    • «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңының 5 бабы сәйкес анонимді өтініш қаралуға жатпайды..
Шаблоны joomla 3