27 желтоқсан 2017.

Жаңа бұйрыққа сәйкес амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуін кеңейту мақсатында халыққа түсіндіру туралы медиа-жоспар.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап кімге және қандай дәрі-дәрмектер тегін беріледі. Азаматтарға дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар, амбулаториялық деңгейде мамандандырылған емдік өнімдер Қазақстандықтар үшін қол жетімді.


Тегін берілетін дәрілік заттардың қатары көбейді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы бұйрықты бекітті. Аталған бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Енгізілген өзгерістерден мүгедектіктік, әлеуметтік –маңызды аурулардан өлімнің азаюы, аурулардың алдын алу, асқынулар деңгейін төмендетуге көзделген.

Тізбеде 48 ауру, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулар: артериалдық гипертензия, асқазанның ойық жарасы, тыныс демікпесі, қатерлі ісік аурулары, туберкулез, гематологиялық аурулар, гемобластоздар, аплазиялық анемия, балалардың церебралдық сал ауруы, псиxикалық аурулар, АИТВ инфекциясы және т.б. Сондай-ақ, тізбе ауыр ауру ағымымен сипатталатын Бехтерев ауруымен толықтырылды.

Дәрілердің жаңа тізбесі тиімділігі дәлелденген 59 жаңа дәрімен толықтырылған 256 дәрілік заттардан, оның ішінде 385 дәрілік түрлерінен тұрады. Алдағы уақытта 2 млн-нан астам диспансерлік ауруды қамту көзделуде.

  • Дарунавир,
  • Тенофовир,
  • Ламивудин,
  • Абакавир,
  • Зидовудин,
  • Невирапин,
  • Эфавиренз,
  • Эмтрицитабин/тенофовир,
  • Этравирин,
  • Зидовудин/Ламивудин,
  • Лопинавир/Ритонавир,
  • Абакавир/Ламивудин,
  • Абакавир/Ламивудин/Зидовудин
  • Эмтрицитабин/Тенофовир/
  • Эфавиренз
  • Ралтегравир,
  • Долутегравир

Қазіргі уақытты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 Бұйрығы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы. Аурулардың 2 топқа бөлінетінің ескере отырып (жергілікті бюджет – 35 жұқпалы ауру түрін, республикалық бюджет – 12 жұқпалы ауру түрінің) қаржыландыру көзі.