Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының тұрғындарының жасына,жынысына,әлеуметтік лауазымына қарамай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорынан төленеді. Азаматтардың бірқатар санаттары үшін МӘМС жүйесіне жарналар мен төлемдер жасау 2017 жылдың 1 шілдесінен басталады.
Енді Қазақстан азаматтарына медициналық қызмет пакеттерінің 2 түрі ұсынылатын болады:
- ТМККК пакеті -тегін медициналық көмегінің мемлекетпен кепілдендірілген көлемі және республикалық бюджеттен қаржыландырылады (ТМККК). Ол барлық ҚР азамттары үшін және оралмандар үшін қол жетімді.
Оның ішіне кіретіндер:
- жедел жәрдем және санитарлық авиация;
- әлеуметтік-маңызды жағдайлардығы медициналық көмекке зәру ауру түрлері үшінжәнешұғылжағдайларда;
- профилактикалықегулер;
Амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек(АЕК) (2020 жылғадейін, яғни жалпыға бірдей мағлұмдау енгізілгенге дейін өзін өзі өнімсіз жұмыспен қамтушы азамттар үшін)
- МӘМС пакеті– ТМККК қоса көрсетілетін медициналық көмек көлемі, мемлекеттің, жұмыс берушінің және жұмысшыларығ МӘМС Қорына төлеген міндетті сақтандыру жарналары арқылы қаржыландырылады. Оны МӘМС-ға қатысушылар қолдана алады.
Оған кіретіндер:
- амбулаториялық-емханалық көмек (соның ішінде АДҚЕ);
- станционарлық көмек (әлеуметтік-маңызды жағдайлардығы медициналық көмекке зәру ауру түрлерінен басқа);
- станционарлық алмастырушы көмек (әлеуметтік-маңызды жағдайлардығы медициналық көмекке зәру ауру түрлерінен басқа);
- қалпына келтіру емдері жіне медициналық реабелитация;
- паллиативті көмек және медбикелік көмек;
- жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер
Кім және қаншадан төлейтін болады ( МӘМС Қорына төленетін төлем пайызы қанша)?
ҚР Медициналық сақтандыру қоры 2017 жылдан бастап жарна барлығына бірдей және барлығы төлеуі қажет) .
ҚР азаматтарының МӘМС-ға ТӨЛЕЙТІН ЖАРНАЛАРЫ:
- жұмыс беруші;
- жұмыскердің өзі;
- өзін-өзі жұмыспен қамтушы;
- мемлекет .
МӘМС-ҒА ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ТӨЛЕЙТІН ЖАРНАЛАРЫ:
- 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап – 2%,
- 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 3%,
- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 4%,
- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 5 % құрайтын болады.
МӘМС-ҒА ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ТӨЛЕЙТІН ЖАРНАЛАРЫ:
- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 1% және
- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістен – 2 % құрайтын болады.
ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУШЫ ХАЛЫҚТЫҢ МӘМС-ҒА ТӨЛЕЙТІН ЖАРНАЛАРЫ (дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналары):
- 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап – 2 %,
- 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 3 %,
- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 5%
- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 7% - дық есеппенкелесі жолдар арқылы қорға есептелетін және төленетін болады.
ҚР Мемлекет міндетті медициналық сақтандыру қорына халықтың осал топтарының төлеуге тиісті жарналар:
- 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 4 %- мемлекеттік қорға есептелетін және төленетін жарналар;
- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 5 % - мемлекеттік қорға есептелетін және төленетін жарналар;
- 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 6 %- мемлекеттік қорға есептелетін және төленетін жарналар;
- 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 7%- мемлекеттік қорға есептелетін және төленетін жарналар.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 28 бабының 4тармағына сәйкес мына азаматтар қорға жарналар төлей бастайды:
- балалар;
- Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
- көп балалы аналар;
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;
- мүгедектер;
- жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
- интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;
- күндізгі оқуны санында білім алып жатқана дамдар;
- бала тууға, жаңа туған баланы (асырап алуға байланысты демалыста жүрген адамдар);
- жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ үш жасқа толғанға дейін баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
- зейнеткерлер;
- әскери қызметшілер;
- арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
- құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
- қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
- уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.
Күтілетін нәтижелер
- Қолжетімді сапалы медициналық көмек
- Денсаулық сақтау саласының халыққа жауап беруі
- Денсаулығын жақсарту, өмір сүру ұзақтығын ұзарту
- Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
- Ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, бақылауды күшейту.
ИНФОГРАФИКА
Проектный офис по созданию Фонда ОСМС на Facebook
Ссылки для скачивания: