«Теміртау қаласының орталық ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы

 



Мекеменің борышы

Тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Емделушінің игілігін дамыту және өрлету.


 Мекеменің мақсаты

Қызметкерлердің кәсіпқойлығының негізінде тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету,қазіргі заманның емдік-диагностикалық жабдықты қолдану, емделушілерді емдеу барысында барынша қолайлы жағдай туғызу, ресурстарды тиімді пайдалану.


 Мекеменің құндылығы

Мекеме ұжымы келесі құндылықтарды насихаттайды:

  • емделушілерге бағдарлық
  • кәсіпқойлық
  • рахымшылық
  • құрмет
  • жайдарылық
  • жауапкершілік
  • алқаластық

«Теміртау қаласының орталық ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы травматологиялық пунктпен көпбейінді тәуліктік 290 төсегі бар мекеме.

Аурухана 1955 жылы құрылған, осы мекемеде 1963 жылы материалдық-техникалық жабдықтауы бар және нормативтік талаптарға сәйкес келетін регламенттік құжаттары бар ҚМК медициналық- санитарлық бөлігі болып орналасқан.Травматологиялық профиль кабинетімен алғашқы медициналық көмек көрсету бөлігімен қабылдау-диагностикалық бөлімі, неврология, кардиология, терапия, хирургия, іріңдік-септикалық хирургия, урология, нейрохирургия, жұқпалы аурулар, анестезиология және жан сақтау бөлімдері және травматологиялық пункт және бактериологиялық зертханасы тері-венерологиялық және емханасы бар.

Қосалқы қызметтер: рентгенологиялық бөлім, клинико-диагностикалық зертхана, бактериалогиялық зертханасы, кеңес-диагностикалық бөлім, дәріхана және патологоанатомиялық бөлім, клинико-диагностикалық бөлім.

2017 жылы штатық кесте 647 бірлікке бекітілген. Жұмыс істеп жүрген қызметкерлер саны 627, соның ішінде 82 дәрігер, 245 - орта буынды медициналық қызметкерлер, 190- кіші медициналық қызметкерлер, 110 - өзге қызметкерлер.

«Теміртау қаласының орталық ауруханасы» КМК 2017 жылы 3 жылға аккредиттеуден өтті.

Аурухана өз қызметін 26.03.2012 жылы мемлекеттік лицензиясы №001014 «Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ берген.

Аурухана мына қызметтер бойынша медициналық көмек көрсетеді: хирургиялық, урологиялық,нейрохирургиялық, оториноларингологиялық, офтальмологиялық, неврологиялық, кардиологиялық, терапиялық, токсикологиялық, эндокринологиялық, пульмонологиялық, нефрологиялық, тері-венерологиялық, клиникалық биохимиялық және диагностикалық иммундық зертхана, рентгенологиялық, УД диагностика, эндоскопия, анестезиологиялық және реаниматологиялық, реабилитология- физотерапия, массаж және емдік дене шынықтыру.

2013 жылы желтоқсан айында тері-венерологиялық бөлімі қосылды ( КДБ) 2015 жылы қазан айында негізі корпустың сол жағының 2 қабатына орналасты.

2016 жылы ақпан айында №1,2 Жұқпалы аурулар бөлімі қосылды.

2016 жылы наурыз айында «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы» КМК жұмыс істей бастады.

Аурухана өз қызметін 26.03.2012 жылы мемлекеттік лицензиясы №001014 «Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ берген.

Шаблоны joomla 3